Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Рес­пуб­ликасында 2005 жылдың 1 қаң­та­рынан бастап әлеуметтік тәуе­келдердің туын­дауына бай­ланысты жо­ғалт­қан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретіндеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.
 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №122-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 (әрі қарай – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы аударылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Респуб­ли­касының салық заңнамасына сәйкес ар­наулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік ауда­рымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын құрайды.
Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 тг.( ЕТЖ * 3,5% = 28 284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғарғы мөлшері 9900тг. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282 840 * 3,5% = 9 899,4 = 9 900 теңге) құрады (ЕТЖ –тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері).
Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс.
Заңның 8-бабына сәйкес,«Қазақ­стан Рес­публикасында зейнет­ақы­мен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жасындағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.
Әр азамат өзі үшін ақпараттымемлекеттік  корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін түрде алуына болады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kzсайтынан  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болады.
ГүлсімДенеева,
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры
.
23 ақпан 2018 ж. 1 680 0