Әлеуметтік саладағы өзгерістер талқыланды

Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Г. Денеева міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы, 2019 жылға енгізілген басты өзгерістер туралы және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциалық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А. Рахымов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар, Елбасының Жолдауына сәйкес, жалақының көбеюі және электрондық еңбек шарттары, жалпы еңбек саласындағы жаңалықтар жөнінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы С. Альшоразова семинар барысында хабардар етті.
Жиынға қатысушылар мобильдік топ мүшелеріне қозғалған мәселелерге байланысты сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.