ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Аталмыш семинарға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов төрағалық етті.
Семинарға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі А. Тұрабаева қатысты.Сондай-ақ, күн тәртібіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, заң бұзушылықтардың алдын алу» мәселесі бойынша Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ж.Ерсейтова, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Б.Нұралы, «Еңбек кодексінің еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі» туралы Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Досымов хабарлама жасады.
Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.