Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

Қызылорда облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістердің қолданысқа енгізілуіне байланысты брифинг өткізілді.Шараның мақсаты құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеудің нақты регламенті. Ұсынылған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізіледі.
Аталған брифингке облыс көлеміндегі тапсырыс берушілер қатысып, департамент басшысының орынбасары М. Егембердиев ашып берді. Осы департаменттің мемлекеттік сатып алудың аудиті бөлімінің басшысы М. Өмірбаева құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеудің нақты регламентіне кеңінен тоқталып өтті.
28 маусым 2018 ж. 1 143 0