Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Науқастың құқықтарын шектеуге болмайды

Науқастың құқықтарын шектеуге болмайды

        Әрбір азамат МӘМС жүйесінде емдеуші дәрігерді таңдауға құқылы, деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
          «Емханаға тіркелген тұрғын КТ, МРТ зерттеуден өтуге немесе қымбат тұратын анализдерді тапсыруға тіркелген емханамен келсімшартқа отырмаған медициналық ұйымдарға тапсыруға құқығы бар. Отбасылық дәрігерінің немесе тар бейінді емдеуші дәрігердің тиісті жолдамасымен сақтандырылған азаматтар медициналық көрсеткіштер бойынша диагностикалық және зертханалық тексеруден тегін өтуге мүмкіндігі бар. Сондықтан емхана пациент жүгінген медициналық ұйыммен бірлесіп шарт жасаcуы тиіс. Науқастың таңдауы шектелмеу керек», – деп атап өтті Б.Исмаханбетов.
           Қор филиалы басшысының айтуынша, 2020 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 25 пайызға артты. Мәселен, КТ, МРТ сияқты консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру көлемі 6 есе өсті. Осы мақсатқа бөлінген қаражат бекітілген халықтың санына сәйкес емханалардың арасында бөлінді.
         «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
07 наурыз 2020 ж. 920 0