Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың іске асырылу барысы талқыланды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың іске асырылу барысы талқыланды

Қызылордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілу барысы туралы штаб отырысы өтті деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен сәйкес, медициналық көмек ауқымы 20% ұлғайды. Амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру көлемі 12%-ға, консультативтік-диагностикалық қаржыландыру көлемі 6 есеге, оңалту емдеу шараларын қаржыландыру 11 есеге, амбулаторлық, дәрілік қамту жүйесін қаржыландыру 2 есеге артқан.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша берілетін дәрілер медициналық сақтандыру есебінен тегін берілетінін жеткізді.
"Қазіргі уақытта медициналық көмектің түрлері орналастырылып, медициналық қызметтерді сатып алу шаралары аяқталды. Сатып алу шарасының нәтижесінде 56 медициналық қызмет көрсетушілер қатысты, оның 28-і мемлекеттік мекемелер(50%)» – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облысы бойынша филиалдың директоры Бақыт Исмаханбетов.
Аймақта халықтың 86,6% сақтандырылған. (ҚР – 87,3%). Дегенмен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасарының мәліметі бойынша, аймағымызда әлі де болса 22 484 адамның статусы өзектендірілмеген. Қазіргі уақытта оның 2 703 тұрақты жұмыспен қамтуға, 14 846 адамды "Еңбек" бағдарламасына қатыстыру көзделіп отыр.
"Біз халыққа міндетті әлеуметтік сақтандырудың шаралары туралы күнделікті айтып отыруымыз қажет. 2020 жылдың алғашқы 3 айында барлық тұрғындар медициналық қызметке қолжетімді. Ал, 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет алады. Ол үшін, әрбір азамат өз статусын біліп қана қоймай, әрбір медиицналық ұйымнан қолжетімді ақпарат алуы тиіс. Қазіргі уақытта, барлық емханаларда арнайы банктердің терминалдары орналастырылған. Төлемдерді «KaspiBank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және басқа екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыра алады. Түрлі сауалдар туындаған жағдайда, республика бойынша орталықтандырылған байланыс құралы 1406 телефонына байланысуға болады. Сонымен қатар, әрбір азамат өзінің медициналық қызметке қолжетімділігі туралы аймақтық дәрігерінен де біліп отыруына болады. Осы да және басқа да қосымша туындаған мәселелерді күнделікті шешіп отыру, біздің міндетіміз" - деді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов.


10 қаңтар 2020 ж. 706 0