Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда байлыққа салық салу ұсынылды

Қазақстанда байлыққа салық салу ұсынылды

Мұрат Бақтиярұлы байлық салығын енгізу Қазақстанда салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады деп есептейді. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елде байлық салығын енгізуді ұсынды.
Мұрат Бақтиярұлы ауқатты қазақстандықтар халық алдында әлеуметтік жауапкершілік алуға және өз байлығын елдің дамуына бағыттауы тиіс деп санайды.
"Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл жерде яхталар, ұшақтар, элиталық жылжымайтын мүліктер, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатқа салық салу туралы сөз болып отыр. Байлық салығын енгізу Қазақстанда салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады деп есептеймін", - деген сенатор ұлттық экономика министрінен осыған қатысты позициясы мен келешекте байлық салығын ұлғайту жоспары жайлы сұрады.
Руслан Дәленов мұндай жоспар бар екенін атап өтті.
"Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінде әділетті және айқын принциптер көзделген. Салық салу табыстарды теңестірудің тиімді құралы болып саналады. Мұнда екі бағыт бар: мүліктің бағасына қарай жоғары салық салу және тапқан табысқа салық салу. Жеке табыс салығы бойынша елде 10 проценттік бірыңғай мөлшерлеме қолданылады. Бірақ төмендетілген мөлшерлеме де бар. Мәселен, кірісі 70 мың теңгеден аспайтын азаматтарға төмен салық салынады", - деді министр.
Ол мүлік салығы бойынша үлкен айырмашылық барын айтты. Мүліктің құны жоғары болған сайын, оған салынатын салық та көбейе түседі. Көлік салығы бойынша да айырмашылық үлкен – 8 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін.
sputnik.kz
12 қараша 2020 ж. 658 0