Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер қыста ағзаға аса қажет дәрумендерді атады

Дәрігер қыста ағзаға аса қажет дәрумендерді атады

Мамандардың пікірінше, жыл мезгіліне байланысты адам ағзасына толық жұмыс істеу үшін белгілі бір дәрумендер қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Диетолог Марина Макиша күз бен қыста қандай дәрумендерді пайдалану қажет және қандай тағамдарға ерекше назар аудару керектігін айтты.
Дәрігердің айтуынша, суық мезгілде тамақ тәртібінде ақуыздың жеткілікті мөлшері болуы керек: ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері, олар тамақтанудың негізгі компоненттері болып табылады. Сонымен қатар, ағзадағы ақуыздың жетіспеушілігі иммунитеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл тыныс алу және вирустық аурулар кезінде өте жағымсыз әсер қалдырады.
Дәрігер тамақ тәртібінде кем дегенде аз мөлшерде мұздатылған немесе балғын жидектер, сондай-ақ, көкөністер мен жемістер болуы керек, олар дәрумендер мен антиоксиданттардың негізгі көзі болып табылады және әртүрлі ауруларға қарсы иммунитетті арттыруға көмектеседі.
— Мысалы, тұздалған орамжапырақты қолдануға болады. Оны рационға қосып, жиі қолдануға болады. Бұл С дәрумені мен пайдалы бактериялардың көп мөлшері бар жақсы ашытылған өнім, ол ішек микрофлорасына әсер етеді, бұл иммунитетті сақтауға көмектеседі", — деді диетолог.
Бұдан өзге, күн сәулесі азайып бара жатқан соң, D витаминін бүкіл қыс бойы қабылдап шығуға кеңес беремін.
stan.kz
12 қараша 2020 ж. 756 0