Мамандар жеміс-жидектерді дұрыс жумағаннан коронавирус жұқтыру мүмкіндігін айтты
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, вирусолог Алексей Аграновский нашар жуылған тамақ арқылы коронавирусты жұқтыру қаупі аз, бірақ сауда жасау азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Дұрыс жуылмаған жеміс-жидектерден коронавирус жұқтыру қаупі жоқ. Алайда азық-түлік алу кезінде адамдармен байланыс жасау арқылы жұқтыру мүмкіндігі жоғары", - дейді маман.
Сонымен қатар, Аграновский қоғамдық көліктерде CoViD-19 жұқтыру мүмкіндігін бағалады. Оның пікірінше адам көп жүретін қоғамдық көліктер де өте қауіпті. Өйткені қоғамдық көліктер вирус таратудың басты ортасы.
Сонымен бірге, вирусолог туыстарымен байланысты шектеуге, оның ішінде отбасылық мерекелерден аулақ болу керегін айтты.
stan.kz