Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның абыройын қорғаймын: Қайрат Нұртастың әйелі "Әлем ханымы - 2020" байқауына қатысады

Қазақстанның абыройын қорғаймын: Қайрат Нұртастың әйелі "Әлем ханымы - 2020" байқауына қатысады

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауына қатыспақ. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл “Әлем ханымы-2020” байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл – сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты – әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді. Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық», - деді ол.
Жұлдыз ханым Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның да намысын қорғайды.
«Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым! Маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет», - деп жазды ол. 
Желідегі қолданушылар актриса ханымды қолдап, дауыс беруге асық.
stan.kz
30 қараша 2020 ж. 682 0