Димаш Құдайбергеннің есімі Азиядағы ең сымбатты жігіттер тізіміне енді

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы ең сымбатты 100 ер адамды анықтады. Тізім Instagram-дағы tccasia_official ресми аккаунтында және TCCAsia каналының Weibo парақшасында жарияланды.
Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан. Бұл жаңалықпен Instagram желісінің zhongxindeying парақшасы да бөліскен. Желі қолданушылары әншіні құттықтауға кірісті.