Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Азиядағы ең сымбатты ер адам атануы мүмкін: Дауыс беру басталды

Димаш Азиядағы ең сымбатты ер адам атануы мүмкін: Дауыс беру басталды

TC Candler тәуелсіз сарапшылары қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді халықаралық сұлулық байқауында "Ең әдемі азиялық тұлға" номинациясына ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Өткен жылы Димаштың әлемдегі ең сымбатты ер адамдардың жүздігіне кіргені белгілі.
Осы жолы оның үміткерлігін Азия бөлігіндегі "ең сымбатты азиялық тұлға" номинациясы бойынша ұсынды.
Бұл туралы байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасынан белгілі болды.
Қазақстандық әншіні қолдау үшін суретке лүпіл қойып, жазбаның астына пікір қалдыру қажет.
Жазба жарияланғаннан кейін 6 сағат өткен соң қырағы жанкүйерлер талаптарды жедел орындап, әншіге пікір жазып, кірісті.
"Димаш Құдайберген - ең сымбатты жігіт, сүйкімді, әлемдегі ең жақсы дауыс, таза жан, ерекше талантты және тартымды адам", "Димаш - Жаратушы берген талант! Димаш - Құдай берген дауысы! Димаш - Құдай берген сұлулық! Димаш - Құдай берген тартымдылық! Димаш - Қазақстан мен оның халқының бейнесі мен мақтанышы", "Ең сымбатты. Қазақстанның мақтанышы, жас екеніне қарамастан құрметке ие! Құдай берген еңбек пен талант", " Димаш - нөмір бірінші жұлдыз! Ол өте талантты, сымбатты, білімді. Димашты көшбасшы етіп шығарайық", "Димаш Құдайберген - ең әдемі және тартымды жігіт! Өте дарынды, еңбекқор және ерекше талантты! Әлемдегі ең үздік дауыс", - деп жазды жанкүйерлер.
Айта кетейік, өткен жылы Димаш TC Candler тәуелсіз бьюти-сыншыларының болжамы бойынша "Жылдың сымбатты 100 тұлғасы" қатарына кірді.
Бірінші орынды Акваменнің кейіпкері мен "Тақтар ойынындағы" Дхалдың рөлін сомдаған актер Джейсон Момоа иеленді.
Димаш Құдайберген мен басқа да орындаушылардың әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшамыздан тыңдаңыз.
17 тамыз 2019 ж. 2 052 0