Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Игорь Крутойдың мерейтойында ата-анасымен бірге қонақ болды

Димаш Игорь Крутойдың мерейтойында ата-анасымен бірге қонақ болды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың туған күніне ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге қатысты. Мерейтойдан естелік суреттерін әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Танымал композитор 29 шілдеде 65 жасқа толды. Ол туған күнін Түркияда атап өткен. Мерейтой қонақтары отшашу тамашалап, Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдады.
Димаш жариялаған суреттерден көріп отырғанымыздай, композитордың мерейтойына жиналғандардың барлығы ақ түсті киім киген.
Димаш Игорь Крутойдың бойындағы қасиеттерін атап өтіп, оны туған күнімен құттықтады.
«Түркияда мықты композитор, жылдар бойы өшпес аңызға айналған әндерді шығарушы данышпан әрі өте қарапайым жанның туған күнін тойлап жатырмыз. Халықтың ең сүйікті әндерінің авторы 65 жасқа толды. Туған күніңізбен, маэстро», - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жаңа әндер жазатынын хабарлады. Бұл әндер әншінің толыққанды альбомына кіруі мүмкін.
https://baq.kz
30 шілде 2019 ж. 1 147 0