Димаш Құдайберген дуэттің тұсаукесері қашан және қайда болатынын айтты
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Димаш Құдайберген мен Лара Фабиан Игорь Крутойдың жеке шығармашылық концертінде дуэт орындап, туындыларының тұсауын кеспек.Игорь Крутойдың мерейтойлық концерті Мәскеуде 15 қараша күні болады. "Өмірде 65 бір-ақ рет болады" атты концертке Димаш Құдайберген, Лара Фабиян, Андре Бачели, Юри Башмед, Интарс Бусулис, Аида Грифулина сынды бірқатар тұлғалар қатысады. Кремль алаңында болатын кештің басты ерешелігі - мұздағы шоу. Музыканың мұзбен үйлесуі тыңдарман үшін үлкен жаңалық болмақ.
"Игорь Крутойдың жеке концертінде көріскенше. Жаңа әндер, жаңа туындылар, әрине хит әндер орындалады. Жаңа дуэттің тұсаукесері осы кеште болмақ", - деп жазды Димаш Құдайберген.
"Игорь Крутойдың жеке концертінде көріскенше. Жаңа әндер, жаңа туындылар, әрине хит әндер орындалады. Жаңа дуэттің тұсаукесері осы кеште болмақ", - деп жазды Димаш Құдайберген.