Димаш Құдайберген ата-аналарға кеңес берді

"Балаларды бай болуға емес, бақытты болуға үйретіңіздер. Сонда олар есейгенде, әр нәрсенің бағасын емес, құндылығын білетін болады. Мен сахнада сіздердің алдарыңызда тұрған кезде, шынымен бақыттымын. Өздеріңізді күтіңіздер", - деп жазды Құдайберген инстаграмдағы парақшасында.
Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері қазақстандық әнші Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін береді. Шығармашылық кешті ресейлік композитор Игорь Крутой мен "ДимашӘли" орталығы ұйымдастырып жатыр.