Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуровидение байқауына Ресейдің атынан шықпайтыны белгілі болды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әншінің "ДимашАли" өнер орталығының ресми өкілі Назым Жанғазина өзінің Facebook парақшасында жариялады. "Әлеуметтік желілерде Димаш Еуровидение байқауына қатысады деген сыбыс тарауда. Ақпаратқа сәйкес, ол ән байқауына тіркеліп, қатысушылардың тізіміне еніпті. Өнерпаздың ресми өкілі ретінде бұл мәліметті жоққа шығарамын. Димаш Ресей атынан "Еуровидениеге" қатыспайды. Қазір ол Ресейде және Еуропада болатын концерттерге дайындалып жатыр", - деді Назым Жанғазина.