Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген Ресейдің үздік әншісі атанды

Димаш Құдайберген Ресейдің үздік әншісі атанды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ресейде тағы бір сыйлыққа ие болды. Ол “Жыл әні” сыйлығында “Жылдың үздік әншісі” атанды. Бұл туралы әнші өзінің  Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады дейді massaget.kz.
Димаш жеңісін барша қазақстандықтар мен тыңдармандарына арнайтынын жеткізді.
“Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін “Жыл әні” сыйлығында мен Ресейдегі «Жылдың ең үздік әншісі» деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым”,- деп жазды Димаш.
  Айта кетейік, Димаш Құдайберген Ресейдің “Виктория” сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанын жазған едік.



09 желтоқсан 2019 ж. 690 0