Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфон неге қызып кетеді?

Смартфон неге қызып кетеді?

Телефонның аздап қызғаны қалыпты нәрсе. Алайда қатты қыза бастаса, шара қолдану қажет. Гаджеттің қатты қызуынан құрылғы жарылып кетіп, адамдар жапа шегіп жататын жайттар аз емес. Смартфонның не себепті қызып кететінін анықтап көрейік.
1. Смарфонды тым көп қолданасыз

Үш өлшемді ойындар, бейнежазба және ауыр қосымшаларды қолданғанда процессор шамадан тыс жұмыс істейді. Нәтижесінде құрылғы тек қызып қана қоймай, қуатын тез жоғалтады. GPS, Wi-Fi, Bluetooth немесе 4G сияқты навигациялық және желілік технологияларды белсенді қолданғанда да сол жағдай.

Не істеу керек: телефонды шамадан көп қолданбауға тырысыңыз. Желіден үлкен файлдарды жүктеу, камерамен және ауыр бағдарламалармен жұмыс істеу үшін үзіліс жасаңыз. Қажет болмаған кезде желілік және навигациялық модульдерді өшіріңіз.

2. Гаджетте аяқталмаған бағдарламалар бар
Орнатылған бір немесе бірнеше қосымшаларда қателер бар. Сондықтан процессор шамадан тыс жұмыс істейді. Нәтижесінде көбірек жылу бөлініп, батарея тез "отырады".

Не істеу керек: Ойын, бейне қызметі немесе басқа ресурстарды қажет ететін бағдарламамен жұмыс істемген кезде температура көтерілсе, оны өшіріп, басқасын жүктеңіз. Сондай-ақ, жеке бағдарламаларды жаңартуға кедергі жасамаңыз, өйткені жаңа нұсқаларда қателер түзетілуі мүмкін.

3. Құрылғыға сыртқы фактор әсер етеді
Смартфон күн сәулесінің астында көп тұрса, оны пайдаланған кезде қатты қызып кетеді. Оны күн сәулесі тікелей түсетін жерге немесе жастықтың астында қалдырмау керек.

Не істеу керек: Күн ыстықта смартфонды күн астында қалдырмаңыз. Камераның немесе басқа қолданбалардың қалтаңызда жұмыс істеуіне жол бермеу үшін экранды құлыптауды ұмытпаңыз. Егер смартфон үлкен бағдарламаларды жүктеп жатса оны ешқашан қалтаңызға салуға тырыспаңыз. Ойын ойнау кезінде телефонның сыртқы қорғаныш қабын алып тастаңыз.

4. Смартфонды дұрыс қуаттамайсыз
Дұрыс жұмыс істемейтін, арзан қуаттау құрылғысын пайдалану телефонның тез қызуына себеп болады. Сондай-ақ, смартфонды тоқ көзіне қосып қойып пайдаланғанда қызып, тіпті өртеніп кетуі мүмкін.

Не істеу керек: Компаниялар өзі куәландырған сапалы қуаттау құрылғыларын пайдаланған жөн. Егер қуаттау сымы зақымдалса, ауыстырыңыз. Қуаттау кезінде гаджетке энергияны көп қажет ететін ойындар мен "ауыр" процестерді қолданбауға тырысыңыз, ондай кезде құрылғы екі есе қызып кетеді.

5. Гаджеттің операциялық жүйесінде ақау бар
Құрылғының температурасы операциялық жүйедегі ақаудан да көтеріліп кетуі мүмкін. Сонымен бірге уақыт өте келе қажет емес файлдар мен басқа бағдарламалық қоқыстар жиналады, бұлар да қызуға ықпал етеді.

Не істеу керек: Алдымен құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз және жүйенің соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Егер ештеңе өзгермесе, маңызды деректерді алдын ала сақтай отырып, телефонды тазалаңыз.
massaget.kz
01 желтоқсан 2020 ж. 559 0