Сырдарияда қайғылы оқиға болды

1 желтоқсанда сағат 01.34-те «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.
«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болдыЖатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.
«Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым жердегі асханаға орналастырылды», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

