ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ОРЫН АЛҒАН ӨРТ ТОЛЫҚТАЙ СӨНДІРІЛДІ

Оқиға орнына шұғыл әрекет ету жасағы, 2 өрт сөндіру автокөлігі және 30-дан аса жеке құрам жұмылдырылды.Жалпы өрт оқиғасы сағат 18:50 минутта оқшауланып, 19:24 минутта толықтай сөндірілді.
1986 жылы пайдалануға берілген 1 қабатты, пайдалану аумағы 340 шаршы метрді құрайтын ғимараттың, өрт салдарынан 84 шаршы метр аумағы зақымдалды.
Ғимарат ішінде сақтауға алынған құжаттарды тасымалдауға арнайы автокөліктер ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда тиісті мамандар тарапынан өрттің шығу себебі зерттелуде. Алдын ала белгіленген мәліметтер бойынша электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққандығы болжануда. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.