Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Cұлтанда жатақхана өртенді

Нұр-Cұлтанда жатақхана өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан жатақхана отқа оранды. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов оқиға орнына барды.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, өрт 5 қабатты жатақхананың екінші қабатында орналасқан ауданы 18 шаршы метр бөлмеден шыққан. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына сағат 10:39-да шығып, өрт сағат 11:15-те толығымен ауыздықталған.
32 адам құтқарылды, қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына қала басшысы Бақыт Сұлтанов барды. Ол тұрғындармен кездесіп, мүмкіндігінше тұрғындарға көмектесу туралы жауапты органдарға тапсырма берді. Сонымен қатар, ол тексеру үшін комиссия жіберетінін айтты.
Өрттің орын алуына байланысты құтқару жұмыстарына 14 жедел жәрдем және ТЖД-ның 2 бригадасы тартылды.
Зардап шеккен адамдардың саны 26 құрады, оның ішінде 14-і бала. 2-уі №1 қалалық балалар ауруханасына, 12-сі №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал, 12 ересек азаматтың 8-і №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, тағы төрт адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Атап өтсек, зардап шеккендерге иіс тиген. Олардың қазіргі жағдайы орташа деп бағалануда.
https://baq.kz
02 мамыр 2019 ж. 932 0