Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрліктегілер Денис Теннің өмірі үшін қалай арпалыс болғанын айтты

Министрліктегілер Денис Теннің өмірі үшін қалай арпалыс болғанын айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ауыр жарақат алған Денис Тенді тасымалдау кезінде клиниканы таңдау шешіміне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, Дениске жедел жәрдемді шақырту сағат 14:56-лар кезінде түскен. Сәйкесінше, бұл мәлімет «С30» ретінде белгіленді, яғни бұл өз кезегінде адамның өміріне қауіпті дегенді білдіреді. Көлік сағат 14:58-де оқиға орнына аттанып, 10 минуттан кейін Дениске жетті. Бұдан кейін жедел жәрдем сағат 15:12-лер кезінде оны Орталық қалалық клиникалық аруханаға апаруға бағыт алып, спортшы ол жерге сағат 15:23-те жеткізілді. 2 сағат 7 минут бойы жүрек-өкпе реанимациялық шаралары жасалды, алайда барлық әрекеттерге қарамастан, сағат 17:30-да биологиялық өлім тіркелді. «Науқасты ең жақын орналасқан клиникаға жеткізу туралы министрдің бұйрығы бар. Бригада аталған медициналық мекемені ең жақын жерде орналасқанын бағамдап, толық медициналық көмекті көрсету үшін Орталық қалалық клиникалық аурухаға бағыт алды», - деді вице-министр.  
inform.kz
20 шілде 2018 ж. 1 156 0