ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАДА

Вице-министр өз сөзінде, "ақпаратты біріктіру, электронды денсаулық паспорты, "қағазсыз аурухана" көшуге байланысты жұмыстарға тоқталды. Қазіргі уақытта республиканың 4 өңірінде электронды құжат айналымы енгізілген. Ал Қызылорда облысында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу көрсеткіші 95% құрап отыр.
Ляззат Мирашқызы облыстың денсаулық сақтау саласы жұмысына оң бағасын берді. Вице-министр одан əрі, облыстық медицина орталығының қабылдау бөлімінің, облыстық жедел - жəрдем жұмысымен танысты. "Нұр Отан" облыстық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындарды қабылдады.