Жетім баланы асырап алғандар салықтан босатылады

«Жетім балаларды асырап алғандардың жылдық табысы 2,1 миллион теңгеден аспаса, онда олар табыс салығын төлеуден босатылады», - деді бірінші вице-министр.
Вице-министр шекті сомадағы табыс салығынан бала 16 жасқа толғанға дейін асырап алушы ата-аналардың бірі ғана босатылатынын атап өтті. Баяндама бойынша жылдық сома 2,1 миллион теңгеге тең. Бұл норма Қазақстандағы жетім балаларды асырап алушылардың барлығына қатысты.+
«Мүгедек боп қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.