Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодар облысында сабақ кезінде мектеп өртенді

Павлодар облысында сабақ кезінде мектеп өртенді

Павлодар облысының Ертіс аулындағы орта мектепте сабақ кезінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 21 қыркүйекте, сағат 11:30-да Ертіс аулындағы №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шықты. Оған тазалық қызметкерлерінің бөлмесінде тұрмыстық заттардың жануы себеп болыпты.
«Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрайды. 230 адам, оның 217-сі бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11:40-та ауыздықталып, сағат 12:20-да толық сөндірілді», – делінеді хабарламада.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
Stan.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 1 019 0