Телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы

Бұл жайында "Джет инфожүйесі" компаниясының қауіпсіздігін практикалық талдау зертханасының сарапшысы Екатерина Рудая "Прайм" агенттігіне айтып берді.
"Смартфондар іске қосылған кезде иелеріне саусақ ізін пайдалануды ұсынады және жаңа қосымшаларды орнатқанда камераға, телефон нөмірлерін қолдануға рұқсат беру керек пе деп сұрайды", - деп түсіндірді сарапшы. Хакерлердің телефоннан ақпарат алуына кедергі келтіретін қолжетімді параметрлердің ішінде телефонның SIM-картасына қойылатын PIN-код туралы ерекше айтуға болады. Сарапшы құрылғыны жоғалтқан кезде деректерді қорғау үшін оны орнатуға кеңес берді. "Браузерді пайдаланып мобильді құрылғыда қандай құпия сөздерді сақтағаныңызға ерекше назар аударған жөн. Иә, бұл ыңғайлы, алайда банктің жеке кабинетіндегі деректерді браузерде сақтамаған дұрыс", - дейді Рудая. Сонымен қатар, айтуынша, құжаттар мен төлем карталарының суретін галереяда сақтамау керек.
sputnik.kz