Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 44825 азамат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізді

Қызылорда облысында 44825 азамат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізді

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Қызылорда облысының тұрғындарына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша 44 825қызмет көрсетілген. Оның ішінде ХҚО арқылы 30392, электронды түрде көрсетілгені 14433 қызмет.

Достар! Естеріңізде болса, бұған дейін жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу тек нотариус арқылы жасалып келді. Бүгінгі күні бұл қызметті  ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады.Айта кетейін, ХҚО арқылы бұл қызметті алу үшін жылжымайтын мүлікке құқығын дәлелдейтін құжаттары мен жер учаскісіне құқығын куәләндыратын құжатты алып ХҚО-ға барып, тіркеу үшін төлемді төлеп, бекітілген нысанда өтініш (арыз) жазылады. Егер, меншік иесі болмаса сенім хатпен сенімді өкілі тапсырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының PR менеджері
07 желтоқсан 2020 ж. 446 0