Жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау үшін қазақстандықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ

Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.
Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д-лы, 10 (бұдан бұрын Астана қ., Орынбор к-сі, 10).
Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.