Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазақстанда жылжымайтын мүлік қымбаттаған. Өткен айда жаңа баспанадағы бір шаршы метрдің құны 0,6% көтерілген. Осылайша, қазір жаңа салынған нысандардағы бір шаршы метр бағасы 274 мың теңгеден асады.Жалпы шілде айында жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік байқалады. Саладағы алу-сату бойынша келісімшарттар да көбейген. Пәтер алушылардың көбі – Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары. Ал маңғыстаулықтар керісінше, баспана сатып алудан ең соңғы орында тұр. Елордада тұрғын үйлерді алу-сату бойынша келісімшарттар саны шамамен екі есе артқан. Жылжымайтын мүліктің қымбаттауы, жалдамалы баспаналардың құнына да әсер еткен. Республика бойынша жалға берілетін үйлердің бағасы 0,7% өскен.
https://kyzylorda-news.kz/news/kogam/29701-yzylordada-pter-satu-satyp-alu-kelsmsharttary-kbeygen.html
08 тамыз 2019 ж. 985 0