Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әділетті қалайсыздар ма, ол салықтан басталады": Журналист баспанаға салынатын салық жайлы ойын айтты

"Әділетті қалайсыздар ма, ол салықтан басталады": Журналист баспанаға салынатын салық жайлы ойын айтты

Журналист Денис Кривошеев жылжымайтын мүлікке салынатын салық жайлы айтты. Қала бойынша, жылына жылжымайтын мүлік үшін төленетін салық жайлы өз ойын жеткізді.

"Әділетті қалайсыздар ма, ол салықтан басталады. Өзіңнен баста деген бекер емес. Жылжымайтын мүлікке коммерциялы баға беріледі. Орташа нарықтық баға бойынша бұл жеңіл. Кейін есепті шығарады. Алматыда үш бөлмелі пәтер үшін орташа салық 150-300 мың теңгені құрайды. 46000+150000(0,5+(50 000 000 -үш бөлмелі пәтердің орташа нарықтық бағасы - сомасы төмен, пайызы қосылмайды). Шамамен осылай", - деп жазады журналист Денис Кривошеев парақшасында
Төменде ҚР салық кодексіне енгізілген өзгертулер бойынша, мүлікке салынатын жаңа базалық салық мөлшері көрсетілген. 
Мүлік құнын, теңге мен салығын қосқанда:
2 млн теңгеге дейін қоса алғанда 
2 млн теңгеден жоғары 4 млн қоса алғанда
4 млн теңгеден жоғары 6 млн қоса алғанда  
6 млн теңгеден жоғары 8 млн қоса алғанда 
8 млн теңгеден жоғары 10 млн қоса алғанда  
10 млн теңгеден жоғары 12 млн қоса алғанда + 11600 теңге + соманың 0,25%
12 млн теңгеден жоғары 14 млн қоса алғанда  +16600 теңге + соманың 0,3 %
14 млн теңгеден жоғары 16 млн қоса алғанда + 22600 теңге + соманың 0,35 %
16 млн теңгеден жоғары 18 млн қоса алғанда + 29600 теңге + соманың 0,4 %
18 млн теңгеден жоғары 20 млн қоса алғанда + 37 600 теңге + соманың 0,45 %
20 млн теңгеден жоғары 75 млн қоса алғанда  + 46 600 теңге + соманың 0,5 %
75 млн теңгеден жоғары 100 млн қоса алғанда + 321600 теңге + соманың 0,6 %
100 млн теңгеден жоғары 150 млн қоса алғанда + 471600 теңге + соманың 0,65 %
150 млн теңгеден жоғары 350 млн қоса алғанда + 796 600 теңге + соманң 0,7 %
350 млн теңгеден жоғары 450 млн қоса алғанда + 2196 600 теңге + соманың 0,75 %
450 млн теңгеден жоғары + 2 946 600 теңге + соманың 2 %
Желі қолданушылары бұған қарсылық танытуда. Енді бірі шетелде мұндай тәжірибенің барын алған тартты. 
"Егер шетелдің тәжірибесіне жүгінсе, онда өмір сүру коэфицентіміз де солай болу керек", "Жай пәтерлерге ештеңе емес, қымбат үйлердің салығы көп шығады", "Пәтердің өзі несиеге алып, оған тағы салық төлейміз", - деп жазды желідегілер.

http://stan.kz  

19 маусым 2019 ж. 651 0