Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті қайта тіркеу

Көлікті қайта тіркеу

Достар! Облыс бойынша азаматтар ең көп қолданатын танымал қызметтер жайында мәліметтерді бөлісуді жалғастырамыз.

Бүгін біз сіздерге көлікті қайта тіркеу бойынша облыс көлемінде қанша қызмет көрсетілгені жайлы айтып беретін боламыз.

Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл басынан бері қала бойынша 42671, аудан бойынша 20386көлік тіркелген. Жалпы Қызылорда облысының тұрғындарына көлікті қайта тіркеу бойынша 63057 қызмет көрсетілген.Айта кетейік, аймақтағы көлік санының аздығына қарамастан, автонарықтағы алып-сату үлесі 10 пайызға жақын болып тұр.

Достар, көлікті қайта тіркеу қызметін онлайн алуға болатынын ұмытпаңыз. Ол үшін алдымен сатушы тарап өтініш жіберу қажет. Содан кейін, сатып алушы өтінішке келісімін береді.
14 қазан 2020 ж. 584 0