Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгерді?

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгерді?

Республикада 2018 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап автокөлік иелері жаңартылған форматта техникалық паспорттар ала бастадыОсыған дейін бұл өзгерістер ішкі істер министрінің бұйрығына енгізілген болатын. Құжатқа сәйкес, көлікті тіркеу туралы жаңартылған үлгідегі куәліктерді беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: 
 
  • 2018 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап жаңа құжатты Астана мен Алматының көлік иелері алады
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған техникалық паспортты барлық өңірдің автокөлік иелері алады
 

Жаңартылған техникалық паспорт қандай болады?

 
  • Көлемі кішірек болады — 5,5 пен 8,5 см (бұрынғы өлшемі 7,5 пен 10,5 см) — әмиянға оңай сыяды
  • Ультракүлгін, голографиялық қорғаныш белгілері мен микрочип болады
  • Ақшыл көк түсті болады

Чипте қанда мәлімет сақталады?

 
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірі
  • Сериясы мен құжаттың тіркеу нөмірі
  • Құжаттың берілген күні
  • Көліктің маркасы
  • Автокөліктің шығарылған жылы
  • Автокөліктің санаты
  • Есептен шығару туралы мәлімет
  • Идентификациялық нөмір
  • Нөмірі
  • Салмағы, кг
  • Қозғалтқыш көлемі, текше см
  • Рұқсат етілген жүктің салмағы, кг
  • Автокөліктің түсі
  • Автокөліктің иесі
  • Көлік иесінің тұрғылықты жері
  • Ерекше таңбалары
  • Алғаш тіркелген күні
  • көлік құралын қайта жабдықтау туралы мәлімет
  • басқа мәліметтер
 
 

Жаңа техпаспортты кім алады?

 
  • Астана мен Алматы: 2018 жылдың бірінші қаңтарынан кейін көлігін тіркейтін немесе қайта тіркейтін көлік иелері
  • басқа өңірлер: 2019 жылдың 1 қаңтарынан  кейін көлігін тіркейтін немесе қайта тіркейтін көлік иелері
 

Жаңа құжатты кім алмайды?

 
  • Астана мен Алматы: 2018 жылдың бірінші қаңтарына дейін автокөлікті тіркеу туралы куәлікті алған жүргізушілер 
  • басқа өңірлер: 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін дейін автокөлікті тіркеу туралы куәлікті алған жүргізушілер 
 
Мұндай құжаттың ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес автокөлікті қайта тіркегенше дейін күші жойылмайды. 
Жаңартылған құжат үшін төленетін мемлекеттік баждың құны бұрынғы мөлшерде қалады — 1,25  АЕК (2018 жылы 1 АЕК — 2 405 теңге).


/sputniknews.kz/
02 желтоқсан 2018 ж. 1 245 0