Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІД телефондарын тіркемеген қазақстандықтардың байланыссыз қалатынын ескертті

ІІД телефондарын тіркемеген қазақстандықтардың байланыссыз қалатынын ескертті

ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абонеттерді міндетті тіркеу ережесі іске қосылатынын ескертті.
Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығатынын жайлы хабарлаған едік.

Абоненттерді IMEI-код, SIM-картасы мен ЖСН нөмірі бойынша тіркейді. Бұл қазақстандықтардыңқ қауіпсіздігі үшін қолға алынған.

“Егер біреудің телефонын ұрласа, базадан ол телефонды алып тастауға болады. Базада телефон ұрланған деп шықса, оператуорлар да байланысқа құлып қояалады”, – дейді ІІМ өкілі.

Телефон байланысы абоненттік құралдарын тіркеу ережесі Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2018 жылғы мамыр айындағы бұйрығына сәйкес бекітілді.
Stan.kz
22 қазан 2018 ж. 964 0