Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеп үлгеру керек

Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеп үлгеру керек

Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеу керек. Қазіргі уақытта қолданыстағы ережелерге абоненттік құрылғыларды тіркеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.


Бұл туралы 24kz жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақстанда 2016 жылы терроризм мен экстремизмге қарсы күресу мақсатында мобильді телефондардың IMEI-кодын тіркеу енгізілді.
Телефонның идентификаторы оның иесін анықтай алмайды. Сол үшін телефонды жеке тұлғаның ЖСН-не тіркеу қажет.
“Бұл органдардың жұмысын жеңілдетеді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады, жоғалған телефонды іздеуге, жасырын қылмысты анықтауға көмектеседі. Яғни тіркелген телефоныңызды жоғалтсаңыз,  полицейлер IMEI-код арқылы қиындықсыз тауып береді“, – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Виталий Ярошенко.
IMEI-кодты ұялы байланыс операторларының кеңселерінде немесе абоненттің жеке кабинетінен алуға болады. Осылайша, жалпы деректер базасында ұялы телефон нөмірі ЖСН және IMEI кодымен байланысты болады. Қазіргі уақытта мамандар тіркелудің ыңғайлы ережесін ойластыруда.
Егер ұялы байланыс операторында абонент туралы барлық деректер дұрыс болса, онда алаңдаудың қажеті жоқ. Яғни тіркеу автоматты түрде жүргізіледі, дейді Виталий Ярошенко.
Егер абонент телефонын сатқысы келсе, оны басқа адамға тіркеуді де үйден шықпай іске асыруға болады.  Деректер мемлекеттік радиожиілікті қызметтің деректер қорында сақталады. 
Ақпарат және байланыс министрлігінің хабарлауынша, IMEI коды тіркелмеген абоненттерге келесі жылы ұялы байланыс қызметі көрсетілмейді.
Stan.kz.
31 наурыз 2018 ж. 1 276 0