Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан ұялы телефонын тіркеуді сұрады

Еліміздегі ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан ұялы телефонын тіркеуді сұрады

Қазақстандағы танымал ұялы байланыс операторы абоненттерді өз ұялы телефонын тіркеуге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz.

SMS хабарламада аталған талаптың ағымдағы жылдың 9 қаңтарында «Байланыс туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістермен байланысты екені айтылған.
Ұялы байланыс операторы қазақстандықтардан тіркеуге арналған нөмірге ЖСН-іні (ИИН) көрсетілген хабарламаны ақысыз негізде жіберуді сұрады.
Айта кетсек, «Байланыс туралы» заңдағы (36- бап, 2-бөлім) өзгеріске сәйкес, ұялы байланыстағы абоненттік құралдың иесі өз операторына телефонды тіркеуі тиіс.
Егер телефон базада тұрған болса немесе басқа қолданушының атынан тіркелсе, оператор тіркеуден бас тартады.
Sputnik Қазақстан хабарлауынша, өзге ұялы байланыс операторлары абонентердің телефонын сим-карта сатып алу кезінде тіркейтінін мәлімдеген.
stan.kz
24 наурыз 2018 ж. 1 557 0