Келер жылдан бастап тіркелмеген телефондарға қызмет көрсетілмейді

"БАҚ туралы заңның жүзеге асырылуы бойынша күрделі мәселелер жоқ. Міндетті сәйкестендіруге қатысты біз "пікір білдірген" интернет-ресурс басшыларының барлығымен кездесіп сөйлестік. Қажет жұмысты олар жақын уақытта атқарып бітеді. Бұл тұрғыдан бір реттік SMS-құпиясөз арқылы тіркеу ыңғайлы болып тұр", - деді Абаев.
Министр IMEI-кодтарды тіркеу туралы шешім экстремизм және терроризммен күресті күшейту аясында 2016-ші жылы енгізілгенін атап өтті.
"IMEI-код ұялы телефон иесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездесіп жатады. Бұл жағдайға байланысты бірден-бір шешім ретінде IMEI-кодты ЖСН және абонемент нөміріне байланыстыру болып отыр. Ал телефон осылайша тіркелген кезде, оны ұрлау әрекеті де мағынсыз болып қалады"
Министрдің айтуынша, уақытша тіркеу кезіндегідей жағдай қалыптаспас үшін, бұл тәртіпті енгізуге бір жылдай уақыт бөлініп отыр.
http://syrboyi.kz/zedelnews/17898-keler-zhyldan-bastap-trkelmegen-telefondara-yzmet-krsetlmeyd.html