Енді көлікті кез келген ХҚКО-да тіркеуге болады

Лукьянинаның айтуынша, ауданаралық және аудандық тіркеу -емтихан бекеттерін (ТЕБ) біртіндеп қайта көшіру жұмыстары жүргізілуде. Оның мақсаты – жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Жаңа мүмкіндіктер ІІМ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып атқарылады.
“Қазіргі уақытта 10 облыста 23 ТЕБ-ті аудандық ХҚКО-на орналастыру үшін дайындық шаралары жүргізілуде. Бекеттер жақын арада жұмыс істей бастайды”, – деп жазған Лукьянина.
Бұл ХҚКО-ға келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алумен қатар көлікті тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік береді.
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы парақшасында жақында ашылатын тіркеу -емтихан бекеттерінің (ТЕБ) тізімін де жазған.