Қазақстанда құжат айналымынан 18 млн анықтама шығарылады - Асқар Жұмағалиев

«2 миллион анықтаманы біз бүгінге дейін алып тастадық. Жылдың соңына дейін тағы 18 миллионын алып тастау керекпіз. Бірақ, бұл үшін интеграцияны қамтамасыз ету керек», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.
Вице-премьердің айтуына қарағанда, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.
«Бұл бағытта (Цифрлық Қазақстан - авт.) ауқымды жұмыс атқарылды. Даму көкжиегі баршылық. Атқарылған жұмыстардың арқасында анықтамалардың 50 пайызын қолданыстан алып тастауға болатынын түсіндік», - дейді ол.