Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөлікті онлайн тәртіпте қалай тіркеуге болады - нұсқаулық

Автокөлікті онлайн тәртіпте қалай тіркеуге болады - нұсқаулық

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының директоры Мұрат Жұманбай көлікті арнайы ХҚКО-ға бармай-ақ қалай қайта тіркеуге болатынын түсіндірді,

Ол аталған қызметті арнайы ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн тәртіпте алуға болатынын атап өтті. Ол үшін:  
  1. egov.kz порталында тіркеліп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» тетігін басу;
  2. Сауалдарды толтырып, көлікті сатып алушының ЖСН-ін көрсету;
  3. Сұранысқа электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) арқылы қол қою;
  4. Сатып алушының растауын алу;
  5. Жеке кабинетте қызметтің нәтижесімен танысу керек. 
Сонымен қатар сатып алушы сұранысты мақұлдап, egov.kz порталына мемлекеттік баж салығын төлеу үшін, онда ЭСҚ болуы шарт. 
«Осыдан кейін арнайы ХҚКО-ға бару ғана қалады. Өзіңмен бірге мемлекеттік баж салығы мен алым төленгені туралы түбіртек, көлікті тіркеу актісі, келісімнің электрондық формасының құжаты, ескі нөмірлер мен техникалық төлқұжатты алу керек. Қызмет нәтижесінде көлікті тіркеу туралы куәлік пен жаңа нөмір белгісін аласыз. Айтпақшы, дайын болған нәтижені пошта арқылы үйіңізге алдыруға болады. Сол кезде арнайы ХҚКО-ға бару қажеттілігі туындамайды», - деп жазды корпорация директоры Facebook желісінде. 
Аталғандай, бұл қызмет уақытты үнемдеу жағынан және сатушы мен сатып алушы түрлі қалада немесе мемлекетте болған жағдайда тиімді.
http://stan.kz

 

11 маусым 2019 ж. 918 0