Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңыр ғарыш айлағынан мыс ұрлағандар ұсталды

Байқоңыр ғарыш айлағынан мыс ұрлағандар ұсталды

Қызылордада мыс  өнімдерін  ұрлағандар ұсталды.
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің  ұрланғандығы жөнінде полицияға арыз түсті.  
Арыз түскеннен жедел іздестіру жұмыстарына кіріскен  полицейлер  ұрлыққа күдікті Байқоңыр қаласының 2 тұрғынын ұстады.  
Бүгінгі күні күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігімен   (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталып, істің мән-жайлары анықталуда. Полицейлер күдіктілерді басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
kyzylorda-news.kz
07 желтоқсан 2020 ж. 348 0