Қызылордада интернет арқылы алдаған алаяқ ұсталды

Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті Жаңақорған кентінің 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын сотты болған алаяқ кінәсін толық мойындаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.