Қызылорда: Жұмысқа тұрғызу үшін 1 млн 200 теңге алған

Былтырғы жылдың тамыз айында белгісіз әйел оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 1 миллион 200 мың теңге көлемінде ақшасын алғаны анықталды. Алаяқ әйел «Жалақысы жоғары қызметке орналасуға көмек беремін» деп өз уәдесін беріп, қашып жүрген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті әйел ұсталды. Ол сол Жаңақорған ауданның 39 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүрігізілуде.