Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер облыс тұрғынын пара беру кезінде ұстады

Қызылордалық полицейлер облыс тұрғынын пара беру кезінде ұстады

Қызылорда облысы ПД қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлік жүргізушісі оған қатысты әкімшілік хаттама толтырмауын сұрап патрульдік полиция қызметкерлеріне пара беру үстінде ұсталды.

Күдікті кінәсін толық мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

08 қараша 2019 ж. 1 102 0