Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

Қызылордалық полицейлер кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 6 күдікті адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бірлесе жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға күдікті 6 адам ұсталды. Күдіктілер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардан айғақ заттар алынды. Ұсталған қылмыскерлер - 20-25 жас шамасында, тұрақты жұмысы жоқ және бұрын сотты болған азаматтар», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Еске салсақ, осыдан екі аптадай бұрын бетперде киген белгісіз азаматтар кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қарақшылар кәсіпкерді ұрып-соғып, оның үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлікті қолды етті.
09 қыркүйек 2019 ж. 764 0