Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Орал қаласының тумасы букмекерлік кеңседе қомақты қаражат ұтылып қалып, айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасады,  Қаскөй кассирді пышақпен қорқытып, әр түрлі валютадағы 10 миллион теңге алып кетіп, ізім ғайып жоғалған.  Ізін суытпай бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, артынша ұсталды. Ұсталған қылмыскер ұрланған ақшаны жұмсап үлгермеген. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты заттар (пышақ пен ақша) тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстыбар-жоғы тексеріледі.
https://kaz.tengrinews.kz
               
11 маусым 2019 ж. 803 0