Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жергілікті тұрғын қылмыс жасаған адамды қолға түсірді

Қызылордада жергілікті тұрғын қылмыс жасаған адамды қолға түсірді

Қызылордада жергілікті тұрғын күдіктіні ұстап, қауіпті жағдайға қарамастан белсенді азаматтығын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне тонау туралы хабарлама келіп түсті. Бұдан кейін оқиға орнына тергеу тобы бірнеше минуттан соң жедел жетті.
Оқиға мән-жайы анықталды. Жәбірленуші жұмыстан үйіне келе жатқан сәтте оған белгісіз адам шабуыл жасаған. Күш қолдану арқылы сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған. Содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерден өтіп бара жатқан азаматты көмекке шақырады. Ол дереу қарақшылық жасаған күдіктіні ұстап, өзінің азаматтық міндетін жоғары деңгейде атқарып шыққан. Бұл азамат 43-жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Абылай Әлиев болып шықты.
Қарақшылық жасаған күдікті 51 жастағы Қазалы ауданының тұрғыны екен. Оның қолынан жәбірленушінің телефоны мен сөмкесі айғақ зат ретінде тәркіленді.
«Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстағаны үшін белсенді әрекет жасаған азаматқа ризашылығын білдірді. Қазіргі таңда полиция күдіктіні ұстауға және қауіпті жағдайға қарамастан белсенді азаматтығын көрсеткен Абылай Әлиевті марапаттау үшін ұсыныс берілді.
qaa.kz
25 наурыз 2019 ж. 1 091 0