Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір жыл түрмеде отырған: Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші қылмыскер туралы не белгілі?

Бір жыл түрмеде отырған: Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші қылмыскер туралы не белгілі?

Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші қылмыскер Арман Құдайбергенов туралы жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының тумасы Арман Құдайбергенов бұрын соңды сотталған.
«Аталған азамат 2013 жылы сотталған. Ол кезде қылмыскердің жасы 17-де болған. Тергеу барысында Арман Құдайбергеновтің 2012 жылдың 9 желтоқсанында қарақшылық шабуыл жасағаны дәлелденген. Ол түнде кетіп бара жатқан адамды үрып, ұялы телефонын тартып алған. Соттың шешімі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылған», – деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Stan.kz
21 шілде 2018 ж. 2 262 0