Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетті: Елордада дүкен тонаушы жасырын камераға түсіп қалды

Қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетті: Елордада дүкен тонаушы жасырын камераға түсіп қалды

Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласында дүкен тонаған жас жігітті қамауға алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

Бетін медициналық маскамен жасырған қылмыскер сатушыны пневматикалық қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны беруге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ақшаны алып қашып кеткен. Бірақ, тонаушы алысқа барып үлгермеді.
Елордалық полиция депертаментінің жедел қызметкерлері ұрыны тез арада анықтап, қолға түсірді. Ол Алматы облысының 23-жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ұры уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оның үстінен «Тонау» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, дәлел ретінде күдіктіден айғақты зат тәркіленді.
stan.kz
10 мамыр 2019 ж. 973 0