Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада мектеп оқушысы 112 мың теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

Астанада мектеп оқушысы 112 мың теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

Астанадағы мектептердің бірінің оқушысы ішінде қомақты қаржысы бар  әмиян тауып алған. Ол ақшаны сол күйінде иесіне тапсырды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

№ 28 мектептің 11-сыныбында оқитын Илья Шавиков 8 қаңтар күні көшеде келе жатып әмиян тауып алған. Оның ішінде банк картасы мен 112 мың теңге ақша болыпты. Мұнан кейін ол елордалық полиция департаментінің табылған заттар бюросына барып, әмиянды тапсырған.
Аталған бюро ертесі күні әмиянның иесін анықтады. Ол қала тұрғыны екен. Бойжеткен полиция департаментіне шақырылып, Илья Шавиков оған әмияны мен ақшасын сол қалпында табыстады.
Өз кезегінде әмиянның иесі Илья мен ата-анасына алғыс білдірді.
«Оның жасаған ісі оның адалдығы мен тәрбиелілігін көрсетеді», – дейді бойжеткен.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері де Илья Шавиковке белсенді азаматтық ұстанымы, ал ата-анасына ұлына берген тәрбиесі  үшін алғыс білдірді.

Stan.kz​​​
10 қаңтар 2019 ж. 873 0