Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді

Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді

Алексей Нидің пікірінше, Илья Ильин Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында ойдағыдай өнер көрсетті.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни зілтемірші Илья Ильин туралы пікірін білдірді, деп жазды prosports.kz.   
"Ильин жақсы өнер көрсетті. Ұзақ үзілістен оралып, бес ай ғана жаттықса да өзін көрсете білді. Ильин ол – кез келген қалыпта Ильин", — деді Ни отандық сайтқа берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло допинг дауына байланысты спорттан шеттетіліп, ұзақ уақыт үзіліс жасаған соң Қазақстан чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды.
Талдықорған қаласында өткен турнирде Илья Ильин 102 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Спортшы осымен тоқтап қалмақ емес. Алдына үлкен мақсаттар қойған.
"Алда әлем чемпионаты бар. Әрине, басты мақсат – Олимпиада ойындары. Достарым, барлығыңызға рахмет! Бұл біздің ортақ жеңісіміз!" — деп жазды Илья Ильин Instagram парақшасында. 
sputniknews.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 1 463 0